«Нашақорлық қауіпті індет» ақпараттық сағат өтті.

21 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Нашақорлық қауіпті індет» ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға Шерхан Мұртаза орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысып, оқушылар сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларға нашақорлықтың қауіптілігі жайлы терең мағлұмат беріп, есірткі қолданудың зардабын түсіндірді.