”Нашақорлық ғасыр дерті “ атты кітапхана оқырмандарының қатысуымен ақпараттық сағат өткізілді.

22 шілде күні Далақайнар ауылдық кітапханасында ”Нашақорлық ғасыр дерті “ атты кітапхана оқырмандарының қатысуымен ақпараттық сағат өткізілді. Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға есірткі , шылым шегу, нашақорлықтың адам денсаулығына келтіретін зардаптары туралы кең көлемде мәлімет оқып, есірткі заттарын пайдаланған адамдар қайғылы жағдайға әкеліп соғатындығы туралы ақпараттар беріп өтті. Мақсаты:Қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін түсіндіру.