«Нашақорлық ең ауыр індет» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.

9 сәуір күні Шокпар ауылдық кітапхана және мәдениет үй қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық ең ауыр індет» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді. Іс – шараға Ораз Жандосов атындағы орта мектебінің оқушылары, мейіргер Жаңбырбаев Мирас, тәлімгер Мырзабаева Сана, мәдениет ұйымдастырушысы І.Жанша қатысып, «Нашақорлық – қауіпті дерт» тақырыбында баяндама оқып, слайдпен таныстырды. Кітапханашы Ж. Касенова «Есірткіге қарсы қоғам» тақырыбында баяндама оқыды . М.Жаңбырбай оқушыларға ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгере отырып, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақырды. Шара соңында «ДОДЕКАЭДР» әдісі бойынша оқушылармен сұрақ – жауап алмасты.