«Нашақорлық болашағыңды ұрлайды» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

25 қараша күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық болашағыңды ұрлайды» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Іс – шарада кітапханашы есірткінің адам өміріне тигізетін кері әсерлері жөнінде маңызды баяндама оқып, ауыл медбікесі Б.Бегімбетова ел ертеңі – жастар екені, сондықтан олардың зиянды әдеттерден барынша аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігі туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.