«Нашақорлық-болашағыңа жасалған қастандық» тақырыбында өзекті диалог кешін өткізді.
29 сәуір күні орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жас ұрпақты зиянкестік нәрселерден сақтану мақсатында «Нашақорлық-болашағыңа жасалған қастандық» тақырыбында өзекті диалог кешін өткізді. Аталмыш шараға С.Шәкіров орта мектебінің мейірбикесі А.Адильбаева, психолог А.Төленбаева және 11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шарада кітапханашы оқушыларға нашақорлықтың алдын алу туралы мағлұматтар беріп, есірткінің зияндығын слайд арқылы көрсетті. А.Әділбаева оқушыларға нашақорлық- адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат екендігін айтып, оқырмандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. А.Төленбаева нашақорлыққа қарсы күрестің негізі екенін, ұлттың болашағы дені сау ұрпақты тәрбиелеу керектігін айтып өтті. Шара соңында парақша таратылды. Мақсаты: желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.




