«Намыстың құлы, алаштың ұлы» атты тұлғатану сағаты өтті.
11 желтоқсан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының 115 жыл толуына орай «Намыстың құлы, алаштың ұлы» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға батырдың өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мағлұмат беріліп, оның ел қорғаудағы ерлігі, әскери тактикалық еңбектері мен тәрбие жөніндегі ой-тұжырымдары талқыланды. Іс шараға Б.Момышұлының кітаптары, фотосуреттері және ол туралы жазылған материалдар қойылды.



