«Намыстың құлы, алаштың ұлы» атты өнегелі сағат өткізілді.
18 желтоқсан күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл мерейтойына орай «Намыстың құлы, алаштың ұлы» атты өнегелі сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға даңқты қолбасшының өмір жолымен таныстырып, нақыл сөздері мен тәлім-тәрбиелік мұрасы туралы айтып өтті. Сонымен қатар оқырмандарға кітап қорындағы әдебиеттермен таныстырып, шолу жасады.




