«Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» сазды кеш өтті.

1 шілде күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 шілде домбыра күніне орай «Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» сазды кеш өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының өміріндегі орны мен маңызы туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Күй өнері насихатталып, қазақтың ұлы күйшілері жайында кеңінен айтылды. Шараға қатысушылар ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын танытып, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеудің маңызын терең түсінді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқырмандардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыруға және кітап оқуға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и детская игрушка