“Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра!” атты ақпарат сағаты өткізілді.
1 шілде күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра!” атты ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Домбыра аспабының тарихымен таныстыру, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, көнеден жеткен асыл қазынамыз, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу.



