«Нәзік жүректен туған жырлар» атты поэзия сағаты өтті.

30 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Нәзік жүректен туған жырлар» атты поэзия сағаты өтті.

Шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтқожаның өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат берді. Ақынның сырлы жырларынан үзінділер оқылып, шығармаларының тақырыбы мен мазмұнына тоқталды.