«Мұраты биік суреткер» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
26 мамыр күні Далақайнар ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділовтың шығармаларына арналған «Мұраты биік суреткер» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың өмір жолымен, шығармашылығына тоқталып, қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен мағлұмат берді.
Шара соңында кітапханашы кітап қорындағы әдебиеттерге шолу жасап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.



