«Мұқағали-сырлы сезімнің ақыны» атты тақырыпта, ақын шығармашылығын насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында оқу марафоны өткізілді.

18 ақпан күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали-сырлы сезімнің ақыны» атты тақырыпта, ақын шығармашылығын насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында оқу марафоны өткізілді.

Іс-шара барысында оқырмандар Мұқағали Мақатаевтың жүрек тебірентер өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын поэзиясындағы туған жерге, анаға, махаббат пен адамгершілікке арналған терең ойларды талқыланды. Сондай-ақ ақын өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат беріліп, әдеби сұрақ-жауап ұйымдастырылады.