“Мұқағали сырлы әлем” атты портреттік кеш өтті.

7 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туған күніне орай М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту мақсатында “Мұқағали сырлы әлем” атты портреттік кеш өтті. Кеш барысында Қ. Сәтпаев мектебінің оқушылары ақынның халқына,тілге,отанға деген сүйіспеншілігін жоғары мәтіндегі өлеңдерін мәнерлеп айтып жарысты. Кітапханашы ақынның “Мұқағали-мәңгілік ғұмыр” атты кітап көрмесімен таныстырды.