«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен әдеби вернисаж өткізілді.
6 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында ақиық ақын,«Ғасыр ақыны» аттанған Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен әдеби вернисаж өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқушыларға Хантәңірінің мұзбалағы, тау тұлғалы талант, ақиық ақынның өмір мен шығармашылығына шолу жасады.Ос шараға қатысқан Т.Әшімбаев орта мектебінің 6 сынып оқушылары Мұқағали ағамыздың өлеңдерін жатқа айтты.
Іс- шара соңында кітапханашы ақиық ақынның кітаптарымен таныстырды.



