«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби шолу өтті.
18 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби шолу өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға баулу және шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіндіру.



