«Мүгедектер әлемі және оларды қорғайтын заң» атты танымдық саяхат сағаты өткізілді.
1сәуір күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған «Мүгедектер әлемі және оларды қорғайтын заң» атты танымдық саяхат сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты:ерекше қажеттілігі бар балаларға қоғамдағы өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінік беру, оларды қолдау және рухани серпін сыйлау болды.
Шара барысында кітапханашы балаларды кітапхана қорындағы жаңадан түскен дыбысты кітаптармен таныстырып, олардың қолжетімділігі мен маңыздылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Дыбысты кітаптар арқылы балалардың білімге, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.


