“Мирас болған мол мұра” тақырыбында әдеби калейдоскоп өтті.

25 сәуір күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан тарихындағы жарқын тұлға Тоқаш Бокиннің 135 жылдық мерейтойына орай “Мирас болған мол мұра” тақырыбында әдеби калейдоскоп өтті. Шара барысында қазақтың аяулы ұлы, жалынды күрескер Тоқаш Бокиннің өмір жолы баяндалды.

Мақсаты: Тоқаш Бокиннің өмірбаянымен таныстыру. Сол кездегі ұлт зиялыларының ұстанған бағытын айқындап түсіндіру. Оқушылардың елжандық пен отаншылдық қасиеттерін шыңдау.