«Менің жүрегімдегі мейірімділік» рандеву ұйымдастырып өткізді.
9 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Менің жүрегімдегі мейірімділік» рандеву ұйымдастырып өткізді.
Бұл іс-шара мүмкіндігі шектеулі оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байыту, танымдық қабілетін дамыту және кітапханаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс шара барысында оқушыға жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес кітаптар таныстырылып, қызықты шығармалар оқуға ұсынылады. Сонымен қатар, кітап арқылы білімін кеңейтуге, қиялын дамытуға және жағымды эмоциялық әсер алуға жағдай жасалады.

