«Менің отбасым – менің тірегім» атты әдеби караоке өтті.
9 қыркүйек күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Менің отбасым – менің тірегім» атты әдеби караоке өтті. Шара барысында кітапханашы Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі екендігін айтып, М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары тақырып аясында ақын – жазушылардың өлеңдерін жатқа айтып, әннен шашу шашты. Сондай-ақ отбасы жайында мақал – мәтелдер айтып жарысты. Кеш тартымды өтті.




