“Мемлекеттік тіл-болашақ пен өркениеттің тілі” атты жұлдызды қазына болып өтті.
5 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Мемлекеттік тіл-болашақ пен өркениеттің тілі” атты жұлдызды қазына болып өтті. Шара барысында сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан ұрпаққа мол мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілінің дәрежесін көтеру және ұлттың жаны тілімізді қадірлеу керектігі жайында баяндама оқылды. Оқушылар тақпақтар , мақал-мәтел айтып, “Туған тілім-тұғырым” атты кітап сөресімен танысты.

