“Мемлекеттік рәміздерге құрмет – баянды болашаққа бағдар” атты әдеби сағат өткізілді.

3 маусым күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Мемлекеттік рәміздерге құрмет – баянды болашаққа бағдар” атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы мағлұмат бере отыра бейне слайд көрсетілді, оқушылар рәміздер, ту туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Шара соңында “ Елтаңба”, “Ту”, “ Көк тудын желбірегені” атты кітаптарына шолу жасалынды.

Мақсаты: Рәміздердің маңыздылығын түсіндіру, патриоттық сезімді, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.