“Мемлекеттік рәміздер ұлттың айшықты таңбасы” атты тәрбие сағаты өткізілді. І

4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Көктөбе ауылдық кітапханасында “Мемлекеттік рәміздер ұлттың айшықты таңбасы” атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға Жамбыл атындағы орта мектептің 7,11 сынып оқушылары қатысып,тақырып аясында арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді. Кітапханашы Мемлекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз деп айтып өтті.