“Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы” атты тақырыптық кеш өтті.
4 маусым күні 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы” атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы мемлекеттік рәміздер туралы толық ақпарат беріп, “Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі Қазақстан” атты кітап көрмесіне шолу жасады.



