«Мемлекеттік рәміздер – құрмет, баянды болашаққа бағдар» атты әдеби сағат өткізді.

3 маусым күні Шу қалалық №2 кітапханасының қызметкерлері 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – құрмет, баянды болашаққа бағдар» атты әдеби сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы білімдерін кеңейту, рәміздердің пайда болу тарихы мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.