«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» атты танымдық сағат өткізілді.
3 маусым күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» атты танымдық сағат өткізілді.
Танымдық сағат барысында кітапханашылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтер беріп, олардың шығу тарихына тоқталды. Қатысушылар рәміздердің авторларымен танысып, олардың ел өміріндегі ерекше орны туралы мағлұмат алды.




