«Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» білімгерлермен көрме ұйымдастырылып, өткізілді.
29 мамыр күні № 2 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» білімгерлермен көрме ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Көрме барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұматтар беріліп, рәміздердің шығу тарихы таныстырылды.

