“Мейірімділік -асыл қасиет” атты тәрбие сағаты

15 қазан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Мейірімділік -асыл қасиет” атты тәрбие сағаты Ғ. Мұратбаев орта мектеп оқушылары арасында өткізілді.Кітапханашы Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді- деді.Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, мейірімді болуға баулу. Жақсылық жасауға, өзгеге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.