«Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында тарихи круиз өтті.

9 қаңтар күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті мемлекет қайраткері, саңлақ саясаткер Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында тарихи круиз өтті. Іс -шарада Қонаевтың өмірі мен қызметінің түрлі сәттері оқырмандарға айтылды. Мақсаты: ұлы тұлғаның атқарған сан-салалы жұмыстарына, халқына сіңірген орасан зор еңбегін бағалау, насихаттау.