«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.
12 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның көрнекті басшысы Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаның өнегелі өмір жолын насихаттау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіру. Кеш барысында Д.А.Қонаевтың сан қырлы қызметі, ел басқарудағы кемеңгерлігі, адами болмысы мен қайраткерлік тұлғасы кеңінен таныстырылды. Соңында өмірі мен еңбегіне арналған өлеңдер оқыды.



