«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты әдеби сазды кеш өтті.

23 қазан күні Бүгін орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «N 10 колледж » білімгерлерінің қатысуымен 25-қазан Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты әдеби сазды кеш өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, кітапханашы айтулы мерекемен оқырмандарды құттықтады. Шара барысында кітапханашы С.Әбубәкір «Аққу «биін билесе, N10 колледж білімгерлері күмбірлете күй шертіп, ақын жазушылардың патриоттық әңдерін жатқа айтып берді.

Мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық тәрбие рухын оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұлттық мерекенің тарихи маңызын түсіндіруге бағытталған.