,,Мәңгілік махаббат жыршысы» тақырыбында кітап шолу өткізілді.

18 ақпан күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен

,,Парасат» , ,,Құрмет» ордендері және бірнеше медальдарының, Халықаралық. ,,Алаш» әдеби және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеевтың 85 жылдығына ,,Мәңгілік махаббат жыршысы» тақырыбында кітап шолу өткізілді.

Іс-шара барысында жазушының ,,Шығармалар» , ,,Қазақ батырлары» , ,,Бексұлтан» кітаптары таныстырылып, ,,Күтумен кешкен ғұмыр» романы, ,,Қыз сезімі» әңгімесі туралы түсініктеме беріліп оқушылар назарына ұсынылды.