“Мәңгі желбіре – Жеңіс алауы!” атты еске алу кеші

8 мамыр күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ораз Жандосов атындағы орта мектептің кітапханасында 2 сынып оқушыларымен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Мәңгі желбіре – Жеңіс алауы!” атты еске алу кеші бір минут үнсіздікпен еске алып басталды. Іс-шара барысында кітапханашы майдангерлердің тылда аянбай еңбек еткен ерліктері туралы қысқаша баяндап, сөреге қойылған ардагерлердің портреттері мен соғыс туралы кітаптарға шолу жасалды. Оқушылар жеңіс туралы өлең – шумақтарын айтып берді. Шара соңында ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.Мақсаты: Болашақ ұрпақты Ұлы Отан соғысы жылдары ата – бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, Отанды қорғауға,батылды батыр, ержүрек болуға тәрбиелеу.