«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты сыр кеші өтті.
12 қаңтар күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бәйтерек» клуб мүшелерінің қатысуымен еліміздің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты сыр кеші өтті. Шара барысында кітапханашы Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл – парасатымен дараланған тұлғаның адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзенті туралы баяндап, елін танытқан еріміздің өмір жолына шолу жасады.

