“ Мұқағали сырлы әлем” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді.
6 ақпан күні Абай ауылдық кітапханасында əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағали Мақатаевтың “ Мұқағали сырлы әлем” тақырыбында мәнерлеп оқу өткізілді. Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны таныстырылып, өлеңдері мен әндері көрермен назарына ұсынылды. Кітапхана оқырмандары “Анашым”, “Шеше сен бақытысын..”, “Үш бақытым” атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
