«Ленинградтық өренім» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
29 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Ел болып оқимыз» жобасы аясында «Ленинградтық өренім» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Жамбылдың Ленинград тұрғындарына деген жанашырлығын, өлеңнің жазылу тарихын және оның қоршаудағы қала халқына рухани демеу болғанын талқылап, «Ленинградтық өренім» өлеңі мәнерлеп оқылды.




