«Күш алыбы – Балуан Шолақ» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

29 желтоқсан күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Балуан Шолақ Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Күш алыбы – Балуан Шолақ» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

Іс-шара барысында қазақ халқының біртуар перзенті, теңдессіз палуан әрі дала циркінің негізін қалаушы Балуан Шолақтың өмір жолы таныстырылып, «Атадан ұл тумайды мендей сабаз» кітабы оқырмандарға ұсынылды.