“Күмбірле,күй -домбыра”тақырыбында портрет кеші өтті.
16 мамыр күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шу ауданы Жамбыл облысының тумасы, қазақтың атақты күйші композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері “Ерке сылқым” күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев “Күмбірле,күй -домбыра”тақырыбында портрет кеші өтті. Іс-шараға N10 колледж студенттері қатысып, мәдениет қайраткерінің өмірбаяны мен шығармашылығы баяндалып, “Ерке сылқым” күйі шертілді. Кітап қорындағы Ә . Желдібаевтың “Сырлы саздың сыңғыры”, “Ерке сылқым” кітаптары таныстырылды.



