«Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

2 шілде күні Тәттімбет, Дина, Құрманғазының күмбірлеген күйлері, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен бабалар үні. Домбыра қазақтың қадірі мен қасиетін атадан балаға жалғаған жәдігер. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен музыкамызды, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақтау мақсатында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра күніне» орай «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты әдеби сазды кеш өткізілді.Шараның мақсаты жастардың, бөлім оқырмандарының ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін ояту. Шара барысында кітапхананың жас оқырманы Темірбек Алижан ұлттық домбырамызда «Ерке сылқым», «Көңіл толқыны» атты күйлер орындап көпшілік оқырмандарды күй әлеміне бір алып барып келді. Күмбірлеген домбырамен Белсенді оқырман Б.Қасымқұлов «Өсиет», «Біздің елдің жігіттері» атты термелерін нақышына келтіре орындады. Ақын ардагер журналист А.Қосақовтың «Домбыра» атты өлеңін кітапханашы А.Булашбекова оқыды. Тыңдағанның құлағының құрышын қандыратын, ойлағанның ойын шыңдайтын домбырамызға не жетсін…