“Күй шебері – Дина Нұрпейісова” тақырыбында сыр кеші өтті.

30 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітапхананың тұрақты оқырмандардың қатысуымен күйші, компазитор Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай “Күй шебері – Дина Нұрпейісова” тақырыбында сыр кеші өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы күйшінің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітапхана оқырманы Қартайған Диана “Тойбастар”, Олпанбай Динара “Адай”күйлерін орындап, кеш соңында кітап қорындағы тақырыпқа сай кітаптарға шолу жасалды.