«Күй өнерінің сандуғашы- Дина» атты өмірбаяндық шолу өтті.
30 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Күй өнерінің сандуғашы- Дина» атты өмірбаяндық шолу өтті.
Іс -шара барысында кітапханашы қазақтың атақты күйшісі Дина Нүрпейісованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстырылды.


