“Күй анасы-Дина” атты танымдық кеш өтті.

20 қаңтар күні Шоқпар ауылдық мәдениет үйі және ауылдық кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып қазақтың әйгілі күйші-композиторы, домбыра өнерінің дара тұлғасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына арналған “Күй анасы-Дина” атты танымдық кеш өтті.

Мерейтой аясында кітапханада «Шертпе күйдің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Іс-шара барысында кітапханашы күйшінің өмір жолы, Құрманғазы Сағырбайұлымен шығармашылық байланысы, күй өнеріне қосқан үлесі туралы баяндама оқыды. Мәдени ұйымдастырушы арнайы дайындалған слайдпен таныстырып оқушылармен сұрақ-жауап алмасты.Шара соңында Ермек Сабина мен Тоқтыбай Аяжан Дина Нұрпейісованың “Бұлбұл” күйін орындады.Іс-шара тәрбие беруге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.