«Күй анасы Дина» атты сыр кеші кітапхана оқырмандардың қатысуымен өткізілді.
23 қаңтар күні Далақайнар ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі «Күй анасы Дина» атты сыр кеші кітапхана оқырмандардың қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға күйші апамыздың өмір жолымен шығармашылығын таныстырып, бірнеше күйінің тарихына тоқталып, Дина анамыз Дәулеткерей мен Құрманғазының күйлерінің кемелдігін, рухани асқақтығын бізге жеткізген дәулескер күйші екендігін айта өтті.
Шара соңында кітапханашы кітап қорындағы «Күйші Дина» атты кітабына шолу жасады.



