«Конституция» кітабының таныстырылымы өтті.

21 қыркүйек күні «Конституция – елдің негізгі заңы»

Бүгін орталық кітапханада ОКЖ библиографының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция» кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Ата Заңымыздың маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кітап таныстырылымы барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің негізгі заңы екені айтылып, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, мемлекеттік құрылым және заң алдындағы жауапкершілік туралы маңызды ережелер қамтылғаны сөз болды.