“Көркем сөз зергері”атты танымдық кеш өтті.

3 маусым күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында көрнекті жазушы, ақын Тәкен Әлімқұловтың мерейтойына орай “Көркем сөз зергері”атты танымдық кеш өтті. Кітапханашы жазушының өмірбаяны туралы баяндама оқып, кітапхана қорынан жазушының “Жұмбақ жан” және “Көкек айы” атты кітаптарына шолу жасалды.