«Көк туың көкте желбіреп, Елтаңбаң тұрса тұғырда» атты патриоттық тәрбие сағаты өткізілді.
4 маусым күні Белбасар ауылдық кітапханасында кҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк туың көкте желбіреп, Елтаңбаң тұрса тұғырда» атты патриоттық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты мағлұмат беру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Шара барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихы мен авторлары таныстырылып, рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені насихатталды. Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырып, туған елдің тәуелсіздігі мен егемендігін қадірлеудің маңызын түсінді. Сонымен қатар, қатысушылар патриоттық рухтағы сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті



