«Кітаппен жарқын әлемге!» атты кітапханаға саяхат сабағы өтті.

1 сәуір күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай Домалақ ене орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітаппен жарқын әлемге!» атты кітапханаға саяхат сабағы өтті. Іс-шара барысында Ханс Христиан Андерсеннің өмірбаяны және балаларға арналған шығармаларымен таныстырылды.

Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.