«Кітаппен кеңес – біліммен теңес» буккроссинг өткізілді.
2 сәуір күні 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ашық аспан аясында «Кітаппен кеңес – біліммен теңес» буккроссинг өткізілді.
Шара барысында кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптар көрмеге қойылып, оқырмандарға кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер өздері оқып шыққан қызықты кітаптарын бір-біріне ұсынып, пікір алмасты.



