«Кітаппен кеңес – білімдімен теңес» таза ауада кітап оқу өткізілді.

17 сәуір күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітаппен кеңес – білімдімен теңес» таза ауада кітап оқу өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға кітапхана қорындағы көркем әдебиеттер мен ертегі кітаптар ұсынылып, олар қызыға оқып, өз ойларымен бөлісті. Бұл шараның мақсаты: жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және білімге деген құштарлығын дамыту.