“Кітаппен дос болайық” атты кітап оқу сағаты өткізілді.
7 ақпан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен “Мүбарак ниет” балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен “Әулиеата – кітап оқитын өңір” жобасы аясында “Кітаппен дос болайық” атты кітап оқу сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы кішкентай оқырмандарға жаңа түскен қызықты ертегі кітаптармен таныстырып, қазақ халық ертегі кітабынан үзінді оқып берді.

