«КІТАПХАНАШЫ – ХХІ ҒАСЫР МАМАНДЫҒЫ» «ЖЫЛ МАМАНЫ 2024» облыстық байқау ұйымдастырды.
6 желтоқсан күні Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен аудан кітапханашыларының арасында «КІТАПХАНАШЫ – ХХІ ҒАСЫР МАМАНДЫҒЫ» «ЖЫЛ МАМАНЫ 2024» облыстық байқау ұйымдастырды.
Заманауи жетістіктерге лайықты әдіс-тәсілдермен кітапхана ісін дамытуға қабілетті кітапханашыларды таныту, кітапханашылардың ауыл тұрғындарына бүгінгі күн талабына сай кітапханалық қызмет көрсетудегі біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау, кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың жаңашылдық бастамасына қолдау көрсету, оқырмандар үшін ең үздік отандық заманауи шығармаларын дәріптеуде кітапхана қызметкерлерінің жұмысының белсендігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 35 жасқа дейінгі 8 үміткер қатысты.
Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «КІТАПХАНАШЫ – ХХІ ҒАСЫР МАМАНДЫҒЫ» байқауында серпінді, креативті заманауи ой-пікір мен жоғары кәсіби шеберлік көрсеткені үшін Ахметова Әсел Ержанқызы бас жүлдені иеленді.



